АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

    1 / 3
    Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Шанақ ауылы округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан мен ауылдық округте атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
    Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындармен ашық диалог орнатып, елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылау, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және оларды шешу жолдарын қарастыру.
    Кездесу барысында ауыл тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, Шанақ елді мекенінде ауыз судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету, бұрынғы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ғимаратының базасында «Белсенді өмір» орталығы секілді мекеме ашу, тозығы жеткен жолдарды жөндеу және көпір салу мәселелері қозғалды.
    Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштерді мұқият тыңдаған аудан әкімі әрбір мәселенің маңыздылығына тоқталып, оларды заң талаптарына сәйкес шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
    Кездесу соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов халықпен тікелей жүздесудің маңыздылығына тоқталып, «Билік пен халық арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету, әрбір азаматтың ұсыныс-пікірін тыңдап, заң аясында шешім қабылдау, сондай-ақ елді мекендердегі өзекті мәселелерді өз көзіммен көріп, нақты шешу жолдарын қарастыру – менің басты ұстанымым», – деді.
    Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды шешу бағытындағы жұмыстар тиісті сала басшыларымен бірлесе зерделеніп, қолданыстағы заңнама аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары