25 қараша күні Астанада өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясының отырысында ауыр атлет Алексей Чуркин «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» II дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем рекордшысы, 2024 жылғы әлем чемпионаты мен 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері бұл марапатқа олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін ие болды.
Ассамблея барысында ҰОК басшылығы 2024–2026 жылдар аралығындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылдады және алдағы кезеңге арналған жоспарларын белгіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









