
Құрметті Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары!
Ардақты ұстаздар қауымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын абыройлы мамандық иесі. Сіздердің еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз әрдайым зор құрметке лайық.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілеймін. Ұстаз еңбегі әрдайым бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігі сіздерге қуаныш сыйлай берсін!
Ұстаздар күні құтты болсын!









