Қарағанды облысы бойынша МКД салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы хабарлайды

    📢 Қарағанды облысы бойынша МКД салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы хабарлайды

    ⚖️ Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 109-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлеп тоқтату көзделген.

    🔎 Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылуға жататын салық төлеушілер кімдер?

    109-баптың 1-тармағына сәйкес әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және талап қою мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылуға жатады:

    1️⃣ Салық есептілігін өз бетінше ұсынбаған.

    2️⃣ Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырмаған.

    3️⃣ Банк шоттары бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдарын жүзеге асырмаған.

    4️⃣ Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған.

    5️⃣ Басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмаған.

    6️⃣ Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрмаған.

    7️⃣ Жеке тұлғалардың салық салу объектілерін қоспағанда, меншігінде мүлік салығы, көлік құралдары салығы және жер салығы салынатын объектілері болмаған.

    8️⃣ Әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған.

    9️⃣ Тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі болмаған.

    ⚠️ Қандай жағдайларда жоғарыда көрсетілген ережелер қолданылмайды?

    109-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері мынадай салық төлеушілерге қолданылмайды:

    🔹 салықтық мониторингке жататын;

    🔹 жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

    🔹 камералдық бақылау нәтижелері немесе салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған не түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламалары бар — мұндай бұзушылықтар болған жағдайда;

    🔹 сот орындаушылары және (немесе) басқа уәкілетті органдар тарапынан шаралар (тыйым салулар, шектеулер) қолданылған;

    🔹 ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсатында валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорттық немесе импорттық валюталық шарттың тарабы болып табылатын немесе болған;

    🔹 талап қою мерзімі ішінде банк шоттары бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушілерге.

    📌 Тағы нені ескеру қажет?

    Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде есепке алынған мерзім оның қызметін мәжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.

    🏛️ Қызметті мәжбүрлеп тоқтату тәртібі қандай?

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 109-бабының 2-тармағына сәйкес:

    ⚖️ Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды салық органы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес заңды күшіне енген сот актісі негізінде жүзеге асырады.

    📄 Қызметі заңды күшіне енген сот актісі негізінде мәжбүрлеп тоқтатылған салық төлеуші салық органындағы тіркеу есебінен салықтық тіркеу тәртібімен шығарылады.

    ✅ Қарағанды облысы бойынша МКД салық төлеушілерге салық есептілігін уақтылы ұсынуды, салық міндеттемелерін орындауды және өзінің тіркеу мәртебесінің өзектілігін бақылауды ұсынады.

    🤝 Салық заңнамасының талаптарын сақтау — салық міндеттемелерін тиісінше орындаудың маңызды шарты!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары