KazAID: ауыл шаруашылығындағы су ресурстары бойынша сараптамалық вебинар

    1 / 2

    Ағымдағы жылғы 16 қарашада «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ және «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚазЕӨШҒЗИ) егіншілік зертханасымен бірлесіп, KazAID-тің «Kazakhstan Cooperation Programme» (KCP) бағдарламасы аясында «Орталық Азияның ауыл шаруашылығында су ресурстарын ұтымды пайдалану» тақырыбында сараптамалық вебинар өткізді.

    Қатысушылар алдында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚазЕӨШҒЗИ бас ғылыми қызметкері Жұмағали Оспанбаев сөз сөйледі. Сессия барысында су тапшылығы, трансшекаралық су ресурстары, климаттың өзгеруіне бейімделу, Қазақстан Республикасының осы саладағы үздік тәжірибелері және суару жүйелерін басқару мәселелері қамтылды.

    Іс-шараға Қазақстан мен көршілес Орталық Азия елдерінің бейінді министрліктері, ғылыми-зерттеу мекемелері, халықаралық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының 25-ке жуық өкілі қатысты.

    Аталған іс-шара KazAID-тің су пайдалану және азық-түлік қауіпсіздігіне арналған онлайн-вебинарлар топтамасының бір бөлігі болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары