«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

    1 / 3
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.
    Осыған орай, қараша айына жоспарланған іс-шара бүгін сағат 11:00-де Абай ауылындағы «Халықтық кеңсе» ғимаратында өтті.
    Кездесу барысында тұрғын үй мәселелері, тұрғын үй бағдарламалары, баспана алу шарттары және несие рәсімдеу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара аясында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, «Отбасы банк» өкілдерінен тиісті жауаптар мен кеңестер алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Келес ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары