Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде екі жаңа өндірістік ангар ашылды

    1 / 3

    Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде екі жаңа өндірістік ангар ашылды

    Бүгін Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №38 мекемесі аумағында жалпы ауданы 1020 шаршы метрді құрайтын екі жылдам тұрғызылатын модульдік өндірістік ангардың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Нысандардың құрылысы Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, оған 100 миллион теңге бөлінді. Жоба өндірісті дамытуға және сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

    Жаңа ғимараттарда екі кәсіпорын өз жұмысын бастайды. Атап айтқанда, «Азурит» ЖШС тігін цехын ашып, 100 сотталған азаматты жұмыспен қамтиды. Ал «Чечулина» ЖШС жаңа жылдық шыршалар өндіруді ұйымдастырып, тағы 50 адамды еңбекпен қамтамасыз етеді.

    Осылайша, барлығы 150 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

    Бүгінде №38 мекеме аумағында 28 кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін жүзеге асыруда.

    Өндірістік инфрақұрылымды дамыту сотталғандарды еңбекпен қамтуға, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға, түзелуіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" жаңалықтары