Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №41 мекеменің бақылаушы лауазымына тағылымдамадан өтуші Сагиданова Гүлмайра Оразовна Ташкент қаласында өткен самбодан 50-ші халықаралық чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 101 мемлекетінен спортшылар қатысқан дүбірлі додада Гүлмайра 58 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік – спортшының табандылығы, қажырлы еңбегі мен үздіксіз дайындығының нәтижесі. Халықаралық деңгейдегі жарыста ел намысын абыроймен қорғаған Гүлмайраның жетістігі әріптестері үшін де үлкен мақтаныш. Жеңімпазды лайықты жетістігімен құттықтап, алдағы спорттық додаларда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!- орысша аударшы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









