Өскеменде полиция әлеуметтік желідегі бейнежазба арқылы жол жүру ережелерінің бұзылуын анықтады
Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Кадрларда Өскемен қаласындағы Сәтбаев даңғылымен келе жатқан BMW автокөлігі түсірілген. Жол жүру барысында жүргізуші мен жолаушы тарапынан жол жүрісі қағидалары бұзылғаны көрінеді.
Интернетке жүргізілген мониторинг нәтижесінде полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.
Анықталғандай, жүргізуші жолақ ауыстыру кезінде маневр жасау қағидаларын бұзған. Осыған байланысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, көлік қозғалысы кезінде жолаушы қыз терезеден денесінің бір бөлігін сыртқа шығарған. Бұл әрекеті үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығы жол жүру ережелерін сақтауға міндетті екенін ескертеді. Әсерлі кадр түсіру немесе оны әлеуметтік желіде жариялау жолдағы қауіпсіздік талаптарын бұзуға себеп болмауы тиіс.
Сапардың мақсаты мен жағдайына қарамастан, жол қауіпсіздігі әрдайым басты орында болуы керек.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









