Тек аумақты аралау ғана емес, тұрғындарға көмек көрсету: ШҚО учаскелік инспекторының қызметі

    1 / 5

    Тек аумақты аралау ғана емес, тұрғындарға көмек көрсету: ШҚО учаскелік инспекторының қызметі

    Учаскелік полиция инспекторының күнделікті жұмысы – тұрғындармен кездесулер, өтініштерді қарау және әрбір мәселені назардан тыс қалдырмай, уақытылы шешу.

    Полиция аға лейтенанты Диас Жұмадилов ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етеді. Ал 2023 жылдан бастап Тарбағатай аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Оның әкімшілік учаскесіне Ақжар ауылының шығыс бөлігі мен Жаңалық ауылы кіреді.

    Ол жұмыс күнін жедел жағдаймен танысудан бастайды. Одан кейін бекітілген аумақты аралап, тұрғындармен кездеседі, олардың өтініштерін тыңдайды, профилактикалық әңгімелер жүргізіп, профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексереді.

    Диас Жұмадилов отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөледі. Қажет болған жағдайда тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, заң талаптарын түсіндіреді.

    Учаскелік инспектор үшін тек келіп түскен хабарламаларға жедел әрекет ету жеткіліксіз. Ол өзіне бекітілген аумақтағы жағдайды жақсы біліп, тұрғындармен үнемі байланыста болып, құқық бұзушылықтардың алдын алуы маңызды.

    Осындай күнделікті еңбектің нәтижесінде қоғамдық тәртіп сақталып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен полицияға деген сенімі нығая түседі.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары