Жетісу облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    1 / 2

    Жетісу облысында 5–30 қараша аралығында заңсыз аң аулау фактілерінің алдын алу, браконьерлікке қарсы күресті күшейту және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

    Іс-шара аясында полиция қызметкерлері орман шаруашылығы, шекара қызметі және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, облыс аумағында кешенді рейдтік жұмыстар жүргізеді.

    Негізгі назар заңсыз аңшылық фактілерін анықтауға, аң аулау ережелерінің сақталуын бақылауға, сондай-ақ табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алуға бағытталады.

    Сонымен қатар, шалғай және жетуі қиын аумақтарды әуеден бақылау, ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларға тікұшақ тартылатын болады.

    Жетісу облысының Полиция департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын аңшылық кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға, тиісті рұқсат құжаттарынсыз аң ауламауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында табиғатты қорғау және браконьерлікке қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

    Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары