Жетісу облысында «Есептегі тұлға» ЖПІШ аясында есепте тұрған 991 адам тексерілді

    1 / 2

    Жетісу облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған адамдарға бақылауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шараның үш күнінде полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлары бойынша профилактикалық есепте тұрған 991 адамды тексерді. Олардың қатарында әкімшілік қадағалауда тұрғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, бұрын сотталғандар және профилактикалық есепке алынған өзге де тұлғалар бар.

    Тексеру барысында заңнама талаптары мен белгіленген шектеулерді бұзудың 23 дерегі анықталды. Әрбір дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды.

    Іс-шара барысында есепте тұрған азаматтармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, белгіленген шектеулерді бұзбау және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жетісу облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама қылмыстарды болдырмау және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары