Жетісу облысының полицейлері жүргізушілерді қысқы дөңгелектерге уақытылы ауысуға шақырады

    1 / 2

    Ауа райының өзгеруіне байланысты Жетісу облысының патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, автокөлік дөңгелектерін қысқы маусымға уақытылы ауыстыру және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертуде.

    Тәртіп сақшылары ауа температурасының төмендеуі, жауын-шашын мен көктайғақтың пайда болуы жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыратынын атап өтуде.

    Полицейлер жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды және жолда кенеттен маневр жасамауды ескертеді. Сонымен қатар, көлік құралдарының техникалық жағдайын, тежегіш жүйесі мен жарық беру құрылғыларының жарамдылығын алдын ала тексеруге кеңес береді.

    «Қысқы жол жүргізушілерден ерекше сақтық пен жауапкершілікті талап етеді. Дөңгелектерді уақытылы ауыстыру, жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті патрульдік полиция қызметкерлері.

    Жетісу облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын ұстануға, жолда бір-біріне құрметпен қарауға шақырады.

    Есіңізде болсын: жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады!

    Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары