«Алтын домбыра» - ұлттық өнердің ұлық мерекесі

    1 / 6

    «Алтын домбыра» - ұлттық өнердің ұлық мерекесі

    Атырауда Қазақстан Республикасының Халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы VII «Алтын домбыра» халықаралық күй байқауы өтті.

    Екі күнге созылған өнер додасына Қазақстанның әр өңірінен және Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерінен 20-дан астам күйші қатысты.

    Қатысушылар дәстүрлі күй өнерінің озық үлгілерін ұсынып, орындаушылық шеберліктерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

    Халықаралық байқау ұлттық музыкалық мұраны дәріптеп, күйшілік дәстүрдің сабақтастығын нығайтуға үлес қосты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары