«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында өткен «Кітап LIVE» әдеби-мәдени шарасы өтті

    1 / 5

    Хамит Ердехан жастармен кездесті

    «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында өткен «Кітап LIVE» әдеби-мәдени шарасында танымал блогер, кітап жанашыры Хамит Ердехан жастармен жүздесті.

    Кездесу барысында ол әдебиетке қызығушылығының қалыптасуы, шығармашылық жолына әсер еткен ақын-жазушылар және кітаптың адам өміріндегі орны туралы әңгімеледі. Жастармен еркін пікір алмасып, оқырмандық мәдениет жайында ой бөлісті.

    Кездесу қатысушыларға әдебиетке жаңаша көзқараспен қарауға және кітап әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары