Жетісу облысында үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды

    1 / 2

    Жетісу облысы Полиция департаментінде «Үздік учаскелік полиция инспекторы» облыстық байқауы өтті.

    Байқауға облыстың қала және аудандық полиция бөліністерінен өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіру, кәсіби шеберлікті шыңдау және учаскелік полиция инспекторларының қоғамдағы беделін көтеру.

    Үш күнге созылған байқау барысында қатысушылар заңнаманы меңгеру деңгейі, құқықтық сауаттылығы, атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша сынға түсті.

    Байқау қорытындысы бойынша Ескелді аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Лашын Ерболатұлы Оқас жеңімпаз атанып, «Жетісу облысының үздік учаскелік полиция инспекторы» атағына ие болды.

    Жеңімпаз өзінің жоғары кәсіби дайындығын, заңнаманы жетік меңгергенін және қызметтік міндеттерді орындаудағы біліктілігін көрсетті.

    Мұндай байқаулар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, халықпен тығыз байланыс орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары