Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды конкурстық іріктеу туралы хабарландыру

    Қазіргі уақытта жылумен жабдықтауға деген өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз ету, қолданыстағы жылу көздеріне түсетін жүктемені азайту және аумақты одан әрі дамыту үшін жылу қуатының резервін қалыптастыру мақсатында жаңа жылу энергиясы көзін салу қажеттілігі туындап отыр.

    Осыған байланысты, «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ ағымдағы жылдың 5-12 қараша аралығында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтерді өтеусіз негізде көрсетуге ниет білдірген ұйымды анықтау мақсатында өтінімдер қабылдайды.

    Пригородный тұрғын алабында қуаты 27,9 Гкал болатын газбен жұмыс істейтін қазандық салу жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін I және II санаттағы лицензиялары бар жобалау ұйымдарының өтінімдері қарастырылады.

    Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысуға арналған өтінімдерді келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз

    Байланыс ақпараты:

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Энергетика басқармасы" жаңалықтары