«Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ ««Астана-РЭК» АҚ теңгеріміндегі 20-10-0,4 кВ тарату желілерін қайта жаңарту» (I кезең, іске қосу кезегі) жобасын іске асыру шеңберінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды таңдау бойынша конкурс жариялайды.
Техникалық қадағалау қызметтері өтеусіз негізде көрсетіледі.
Конкурстық тапсырма шеңберінде әлеуетті орындаушылар құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалу барысына, орындалатын жұмыстардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне техникалық қадағалауды қамтамасыз етуі қажет.
Мүдделі ұйымдар конкурстық іріктеуге қатысуға қызығушылық танытатыны туралы өтініш хатты, қызмет көрсету мерзімдері туралы ақпаратты, сондай-ақ мамандардың біліктілігі мен ұқсас объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсынуы қажет.
Байланыс ақпараты:
- Телефон: +7 705 551 4006;
- Қалалық телефон: 55-69-43.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





