Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович бастаған делегацияны қабылдады.
Басқосу барысында Қазақстан мен Хорватия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары қаралды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 2,2 млн АҚШ долларын құрады.
Кездесу аясында хорватиялық Orbico Oil компаниясының ұсыныстары таныстырылып, өңірде жүзеге асыруға болатын жобалар мен ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары қарастырылды.
Асхат Шахаров Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетіне тоқталып, шетелдік кәсіпкерлермен іскерлік байланысты нығайту, инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске асыру өңір экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Облыс әкімдігі ұсынылған бастамаларды өз құзыреті шеңберінде қарастырып, оларды жүзеге асыру мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіреді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








