Өскеменде көліктерді заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды

    Өскеменде көліктерді заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды

    Полиция қызметкерлері көлік құралдарының конструкциясын өз бетінше өзгертуге байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесуді жалғастыруда. Өскемен қаласында жүргізілген тексерулер барысында тиісті уәкілетті органның рұқсатынсыз көліктерді қайта жабдықтаудың үш дерегі тіркелді.

    Атап айтқанда, Потанин көшесінде 30 жастағы жүргізушіні тоқтатқан. Оның көлігінің жақын жарық шамдары зауыттық конструкцияда көзделмеген LED шамдарына ауыстырылған.

    Сельэктро көшесінде полиция қызметкерлерінің назарына Mercedes-Benz E124 маркалы автокөлік іліккен. Оны басқарған 32 жастағы жүргізуші көліктің шығару жүйесін өз бетінше өзгерткен.

    Тағы бір дерек Қазыбек би көшесінде тіркелді. 20 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі көліктің аспа жүйесін өзгертіп, артқы бөлігін төмендеткен.

    Үш жағдайда да жүргізушілер көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелердің 7.46-тармағының талаптарын бұзған. Аталған тармақ техникалық реттеу талаптарын бұза отырып қайта жабдықталған көліктерді пайдалануға тыйым салады. Жүргізушілердің әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігі бойынша сараланды.

    Полиция көлік жүргізушілеріне көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгеріс белгіленген тәртіппен және қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілуі керектігін ескертеді.

    Қосымша жабдықтарды өз бетінше орнату немесе көліктің техникалық сипаттамаларын өзгерту оның басқарылуына әсер етіп, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіруі мүмкін.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары