Көшелердегі тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ міндет: ШҚО-да профилактикалық рейд өтті

    Көшелердегі тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ міндет: ШҚО-да профилактикалық рейд өтті

    Тарбағатай ауданында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, аумақтардың тазалығын сақтау және абаттандыру қағидаларының бұзылуының алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізілді.

    Рейд барысында қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына назар аударылды. Жергілікті тұрғындарға тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігі түсіндірілді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушыларға ескерту жасалды.

    Мұндай жұмыстар елді мекендердің тазалығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

    Аудан тазалығы – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі!

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары