ШҚО полицейлері әйелдің үйіне аман-есен жетуіне көмектесті

    ШҚО полицейлері әйелдің үйіне аман-есен жетуіне көмектесті

    Тасжолда патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері жол жиегімен кетіп бара жатқан әйелді байқаған. Жанына тоқтап, мән-жайды анықтаған кезде оның үйінен өз бетінше шығып кетіп, жол бойында жүргені белгілі болды. Мұндай жағдай әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін еді.

    ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторлары – полиция майоры Ришад Нұралдин мен полиция аға лейтенанты Жасұлан Оралбековтен құралған экипаж жағдайға бейжай қарамады.
    Полицейлер әйелмен тілдесіп, оған қажетті қамқорлық танытты. Кейін оны үйіне жеткізіп, тиісті күтім жасайтын жақындарына тапсырды.

    Бұл жағдайда полицейлер кәсіби қырағылықпен қатар, адамгершілік таныта білді. Өйткені кейде дер кезінде көрсетілген көмек пен қарапайым жанашырлықтың өзі үлкен маңызға ие.

    Заң мен тәртіп – бұл тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, ең алдымен, адамдарға қамқорлық көрсету.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары