ШҚО-да қысқы маусымға дайындық: жол қызметтері мен полиция қауіпсіздік шараларын талқылады

    ШҚО-да қысқы маусымға дайындық: жол қызметтері мен полиция қауіпсіздік шараларын талқылады

    Шығыс Қазақстан облысында жол қызметтері мен полицияның қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына арналған брифинг өтті.

    Брифингтің негізгі тақырыбы – қар жауу, көктайғақ және ауа райының күрт нашарлауы кезінде республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Талқылауға ШҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Игорь Клишин қатысты.

    Брифинг барысында қысқы кезеңде жүзеге асырылатын шаралар туралы айтылды. Атап айтқанда, тәулік бойы патрульдеу, уақытша бекеттер мен жылыту пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда көлік колонналарын алып жүру мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар жол қозғалысына шектеу енгізілген және жекелеген жол учаскелері жабылған кезде әрекет ету тәртібі талқыланды. Өткен қысқы кезеңнің қорытындылары, облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының статистикасы, автомобиль жолдарының жай-күйін тексеру нәтижелері және анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары да назардан тыс қалмады.

    Полиция жүргізушілерді ауа райы болжамын алдын ала ескеруге, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға, қозғалысқа уақытша шектеу қойылған жол учаскелеріне шықпауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары