Газ саласындағы апаттардың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

    1 / 3

    Астана қаласы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторларының қатысуымен ГТС, ГПП және АГҚС иелерімен және Астана қаласының газ инспекциясы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында газбен жабдықтау және газ тұтыну жүйелеріне техникалық диагностикалау, қызмет көрсету, куәландыру жұмыстарын жүргізу бойынша профилактикалық бағыттағы мәселелер талқыланды.

    Жиында газбен жабдықтау объектілерін пайдалану барысында туындайтын апаттардың алдын алу және салдарын азайту жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, тұрмыстық газ баллондарын адамдар көп шоғырланған орындарда және қоғамдық тамақтану орындарында пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан орын алған қайғылы жағдайлар (Ақтөбе қаласы мен Щучинск қаласындағы жарылыстар) талқыланып, бұл республика аумағындағы апаттардың өсуіне әсер етіп отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ АГҚС-те автокөліктерге арналмаған газ баллондарын заңсыз толтыруға қатысты заңбұзушылықтар назарға алынды. Кездесу соңында газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары