2026 жылғы 19 қазандағы № 59 бұйрықпен бекітілген конкурстың күшін жою туралы

    "Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы" ММ басқарма басшысының 2026 жылғы 30 қазандағы № 61 бұйрығымен басқарма басшысының 2026 жылғы 19 қазандағы № 59 бұйрығымен жарияланған Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс тоқтатылғанын хабарлайды.

    Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 20 қазандағы № 164-НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік заңды тұлғалардың басшы қызметкерлерін іріктеу және тағайындау тәртібін адамдарды мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға қабылдау, олардың еңбек қызметінен өту қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында жойылды (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40212).

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынған адамдарға оның күші жойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарланатын болады. Ұсынылған құжаттар кандидаттың өтініші бойынша қайтарылуы мүмкін.

    Аталған лауазымға орналасуға Конкурс аталған қағидаларда белгіленген тәртіппен жарияланатын болады. Оны өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат Басқарманың интернет-ресурсында қосымша орналастырылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы" жаңалықтары