«Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 27, 305-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 55-75-37, [email protected].
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: ақпараттык технологиялар;
әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); құқық (юриспруденция) саласындағы жоғары білім.
Мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтінінің болуы.
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық
және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау;
Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау;
Қабылданатын шешімдердің орындалуын, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді
пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік
меншікті тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
Басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарына қол жеткізу мақсатында ең
жаңа технологияларды енгізу үшін жағдай жасау;
Қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін барынша жақсы пайдалануға, олардың еңбегі үшін
қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауға, еңбекті қорғау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына ықпал ету;
Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру,
азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау;
Орталықтың жедел ден қою арналарын пайдалана отырып, қаладағы ірі коммуналдық авариялардың, төтенше жағдайлар мен дағдарыстық құбылыстардың салдарын жою кезінде тәулік бойы үйлестіруді және жедел ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Киберқатерлер жағдайында ақпараттық қауіпсіздіктің қатаң деңгейін, азаматтардың дербес деректерін қорғауды және Кәсіпорынның аса маңызды деректер базаларының үздіксіз резервтік көшірмесін жасалуын қамтамасыз ету;
Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері үшін проактивті ұсынымдар қалыптастыра отырып, қалалық қызметтердің және коммуналдық қызметтердің жұмыс сапасына халықтың қанағаттануына жүйелі мониторинг пен терең аналитиканы ұйымдастыру;
Лауазымдар номенклатурасына сәйкес жүктелген лауазымдық міндеттер аясында мемлекеттік құпиялармен жұмысты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776дсп қаулиесімен
бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықтың, сондай-ақ 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау.
Білуге тиіс: Басшы өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңын, ӘПК (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен), Кәсіпкерлік кодексімен, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, ҚР Еңбек кодексін, республикалық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдарының қаулыларын және Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін өзге де заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерді білуге және басшылыққа алуға тиіс.
- Конкурсқа қатысуға мынатұлғалар жіберілмейді:
- Он сегіз жасқа толмағандар;
- Сыбайлас жемқорлық қылмысты бұрын жасағандар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
- ҚР Еңбек кодексінің 26-бабында көзделген өзге де шектеулері барлар.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі фотосуреті бар түйіндеме (резюме);
- еркін нысанда жазылған автобиография;
- білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шарты, болмаса соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысаны бойынша «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультативтік қорытынды)» анықтамасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- соттылығының жоқ туралы анықтама (egov.kz сайтынан);
- адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (egov.kz сайтынан).
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарын) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталатын күні конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.
- Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін, Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
- Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізген кезде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің білімі тексеріледі. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығы негізінде айқындалады.
- Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан дауыстардың қарапайым көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өкілетті деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болуға құқылы, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса беріледі. Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
- Егер конкурсқа қатысуға конкурс өтінімдері түспесе немесе кері қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, онда конкурс комиссиясы конкурсты өтпеді деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 27, 3-қабат, 305-кабинет, сондай-ақ электрондық түрде мына электрондық поштаға жіберу керек: [email protected] (анықтама үшін телефондар: 557537).






