Ақтөбе облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 90 дерегі анықталды

    Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтардыңалдын алу,заң талаптарының сақталуынқамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздіктінығайту мақсатында«Қауіпсіз үй»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шарабарысындаполицияқызметкерлерікөші-қон заңнамасының сақталуына,шетелазаматтарының тұратын орындарына жәнеолардың Қазақстан Республикасыныңаумағындаболутәртібіне ерекше назараударды.

    Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың90дерегі анықталды.Оның ішіндеелаумағындазаңсыз жүрген71шетел азаматы анықталды.Олардың37-сінеқатыстысоттәртібімен елденшығарып жіберу үшін құжаттарды рәсімдеужұмыстары ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар іс-шарааясында ерекше назараударуды қажет ететін841мекенжайанықталып,оның660-ындакешендіпрофилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    Жалға берілетін тұрғын үйлерді тексерубарысында55дерек анықталып,тиісті ақпаратмемлекеттік кірістер органдарына жолданды.

    Іс-шарабарысында азаматтық қару иелерінің1 014-ітексерілді.Тексеру нәтижесінде қарудысақтау қағидаларын бұзудың7дерегі жәнеонытіркеу немесе қайта тіркеу мерзімдерінбұзудың1дерегі анықталды.Заңбұзушылықтар бойынша51қару бірлігітәркіленді.Сондай-ақ тіркелмеген екі атысқаруы анықталып,тәркіленді.

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындадажұмыстар жүргізілді.Нәтижесінде54жасөспірім ұсталды.Оның біреуі алкогольдікішімдіктер ішкені немесе мас күйде жүргеніүшін,сегізі заңды өкілдерінсіз ойын-сауықорындарында болғаны үшін анықталды. Ал 11кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеуорталығына орналастырылды.

    «Қауіпсіз үй»жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты—көші-қонзаңнамасының сақталуын бақылау,құқықбұзушылықтардың жолын кесу,қоғамдықтәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету.

    Ақтөбе облысы Полиция департаментішетел азаматтарын ҚазақстанРеспубликасының заңнамасын сақтауға, елаумағындаболумерзімдерін бақылауғажәне қажетті құжаттарды уақытылырәсімдеуге шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары