Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық 20 пайызға төмендеді

    Азаматтардың қырағылығыменуақтылыәрекет етуіинтернет-алаяқтықтың алдын алуғамүмкіндік беруде. Ақтөбе облысындаинтернет-алаяқтық деректерінің тіркелуі20пайыздан астамғатөмендеді.Бұл туралы Ақтөбе облысыПолициядепартаменті бастығының бірінші орынбасары СерікШалхаров дәстүрлібрифингбарысында мәлімдеді.

    Оның айтуынша, интернет-алаяқтыққылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытындағыжұмыстар жалғасуда.Қабылданып жатқаншаралардың нәтижесіндеосысанаттағы қылмыстарғақатысыбар 64адам ұсталды.Олардың20-сыныңқылмыстық әрекеттің134дерегіне қатысыбарыанықталды.

    Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынғанақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыруүшін өздерініңбанкшоттарыменкарталарынұсынатын дропперлерді анықтауға ерекше назараударылуда.Өңірде1 300-денастам дропперанықталды.Аталған фактілер бойынша74қылмыстық іс қозғалды.

    Брифингбарысында Серік Шалхаровазаматтардың қырағылығының арқасында алаяқтықәрекеттердіңдеркезінде анықталып,материалдықшығынның алдын алуға мүмкіндік бергенжағдайлардыдаатап өтті.

    Мәселен,биыл жазда Ақтөбе қаласының56жастағы тұрғынына өзін жеткізу қызметімен банкқызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдарқоңырау шалған.Олар әйелді жалған несиерәсімдеуден қорғаймыз деп алдап,екі бөлмелі пәтеріннарықтық бағадан едәуір төмен бағаға сатуғакөндірген.

    Алайда, жылжымайтын мүлік агенттігініңменеджері мәміледегі күмәнді жайттарға назараударып,алаяқтық белгілерін байқаған.Ол дереуполицияға хабарлаған. Менеджердің қырағылығыменуақтылы әрекетінің арқасында пәтерді сатуғажол берілмеді.

    Полициядепартаменті облыс тұрғындарын сақболуға шақырады.АзаматтарғаSMSарқылы келетінрастау кодтарын жәнебанккарталарының деректерінбөгде адамдарға бермеу,белгісіз шоттарға ақшааудармау,сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатыстыірі мәмілелер жасау кезінде асығыс шешімқабылдамау ұсынылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары