ШҚО-да «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады
5–20 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға, сондай-ақ заңсыз аң аулау, балық аулау және ағаш кесу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған кезеңде полиция қызметкерлері табиғат қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Аңшылық алқаптары, су айдындары, көлік құралдары, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдерді қабылдау және сату орындары тексеріледі.
Негізгі назар браконьерлік деректерінің, қаруды заңсыз сақтау және пайдалану фактілерінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласын қоса алғанда, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесуге аударылады.
Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау талаптарын сақтауға, табиғи ресурстарды заңсыз өндіруге жол бермеуге және браконьерлік фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.
Заңдылық пен табиғатқа жанашырлықпен қарау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








