Бір аптада ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 60-тан астам дерегі анықталды
Көшелердің тазалығы, аулалардағы тәртіп пен қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерінің сақталуы полиция назарында. Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасты.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 60-тан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, 434-баптың 2-бөлігі бойынша 12 хаттама жасалды. Сондай-ақ рұқсат етілмеген сегіз қоқыс орны анықталды. Олардың барлығы тазартылды.
Тарбағатай ауданында абаттандыру қағидаларын бұзған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту берілді.
Өскемен қаласында қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулаларында алкогольдік ішімдіктер ішуге қатысты бес дерек тіркелді. Әрбір жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Тағы бір жағдай Астана көшесінде тіркелді. Онда ер адам қоғамдық аумақты ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту берілді.
Елді мекендердегі тазалық пен тәртіп тек тиісті қызметтердің жұмысына ғана емес, тұрғындардың жауапкершілігіне де байланысты. Қоршаған ортаны таза ұстау және өзгелерге құрметпен қарау – жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі шарттары.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







