ШҚО Полиция департаменті жазғы шиналарды қысқы шинаға ауыстыру қажеттігін еске салады
Қыс мезгілінің басталуына байланысты автокөлік иелері көліктерін суық ауа райында пайдалануға алдын ала дайындауы қажет.
Кеден одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында қысқы шиналарсыз көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне орнатылып, таудың үш шыңы бейнеленген қар ұшқыны бар белгімен немесе «М+S», «M&S», «M S» таңбаларымен белгіленуі тиіс.
Қыс мезгілінде жазғы шиналармен автокөлікті пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ жүргізушілерге, әсіресе елді мекендерден тыс жерлерге сапар жоспарлаған кезде, ауа райы жағдайын ескеруге кеңес беріледі.
Облыстық маңызы бар тасжолдардың жай-күйі мен көлік қозғалысына жарамдылығы туралы тәулік бойы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
* 77-70-81, 77-60-05 — ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі;
* 26-28-08, 24-08-98, 8-777-535-89-08 — «ҚАЖ Сервис» ЖШС ШҚО филиалы;
* 57-42-52, 8-705-798-05-99 — «ОблШығысЖол» ЖШС.
Ауа райы қолайсыз болған жағдайда қала сыртындағы сапарлардан бас тартуға кеңес береміз.
Қауіпсіздікті алдын ала ойлаңыз. Жолдарыңыз қауіпсіз болсын!
ШҚО ПД баспасөз қызмет і
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









