Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Астана – есірткісіз қала!» кешенді жоспары аясында студенттердің қатысуымен Quiz интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Ойын барысында студенттер өзара білім, логика және эрудиция бойынша бақ сынап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, зияткерлік тапсырмаларды орындады.
Мұндай формат қатысушылардың білім деңгейін тексеріп қана қоймай, жастардың назарын қоғамдық қауіпсіздік, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қолжетімді әрі интерактивті түрде аударуға мүмкіндік береді.
Елорда полицейлері профилактикалық жұмыстарға тұрақты түрде қатысып, білім беру ұйымдарымен және жастармен тығыз байланыс орнатуда. Кездесулер барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқықтық жауапкершілік түсіндіріліп, жастарды салауатты өмір салтын таңдауға және әрбір шешімге саналы түрде қарауға шақырады.
Зияткерлік сайыстар студенттер арасында ашық диалог орнатуға, пікір алмасуға және құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал ететін тиімді алаңға айналуда.
Елорда полициясы қауіпсіз орта қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында оқу орындарымен, қоғамдық ұйымдармен және жастар бірлестіктерімен бірлескен жұмыстарды жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









