Астанада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

    Елордада Сарайшық ауданының полиция қызметкерлері ұрлық дерегін жедел түрде ашты.
    Тергеу барысында 18 жастағы азамат дәріханадан бетперде сатып алып, аулада қараусыз тұрған велосипедті жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды.
    Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қысқа уақыт ішінде анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
    Полиция азаматтарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауды, велосипедтерді арнайы қорғаныс құлыптарымен бекітуді және күмәнді жағдайлар байқалғанда дереу «102» арнасына хабарлауды ескертеді. Алдын алу шаралары – мүліктік құқық бұзушылықтардың алдын алудың ең тиімді жолы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары