🔶2026 жылғы 06 қараша күні тексеру комиссиясының мүшесі Б.Т.Пшановтың төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.
🔶 Оқу барысында күн тәртібіне сәйкес үш тақырып қаралды:
1. 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты туралы;
2. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оған өзгерістер мен толықтырулар туралы;
3. ИНТОСАЙ университетінің сайтында (талдау және басқару курстары) жарияланатын материалдарды зерделеп, мемлекеттік аудиторлар үшін семинарлардың (техникалық оқудың) тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету мақсаты туралы.
🔶 Күн тәртібіндегі тақырып бойынша Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрғали Рахымшаұлы, , Жоспарлау, есептілік және сапа бақылауы бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Альсеит Аманжолұлы, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ақмарал Маделханқызы баяндама жасады. Техникалық оқудың қорытындысы бойынша қатысушылар қойған бірқатар сауалдарға баяндамашылар толыққанды жауап берді.
🔶 Тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Төлешұлы қызметті рәсімдік стандарттар мен заңнамадағы жаңашылдықтарды назарға ала отырып, қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізудің маңыздылығына тоқталды. перевод
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







