«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

    1 / 6

    🔸Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Б.Т. Пшанов баяндама жасап, бюджеттің қаржысын тиімді пайдалануы мен атқарылуы мәселелері жан-жақты қаралып, талқыланды.

    🔸Отырысқа Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.С. Берденова мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша Аймақтық филиал директоры А.А. Жылкайдаров және мамандары қатысты.

    🔸Комиссия мүшесі Б.Т. Пшановтың баяндамасында басқармамен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес «міндеттеме шартары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс талаптары сақталмай, бюджеттен берілген грант қаржысы мақсатты пайдаланылмағаны анықталған.

    🔸Сонымен қатар, грант арқылы бөлінген қаражатқа бақылау өлшемін жүзеге асыру барысында мемлекеттік грант беру туралы шартқа сәйкес «Грант қаражаты есебінен сатып алынған немесе алынған барлық мүлік кәсіпкердің бизнес-жобасының мақсаттарына ал бизнес-жобасы аяқталғаннан кейін кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне пайдаланылуы тиіс деген талаптары сақталмай, жабдықтары пайдаланылмай, тиімсіз сақталып тұрғаны анықталғандығын атап өтті.

    🔸Отырыс барысында тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбеков пен комиссия мүшелері көтерген бірқатар сауалдарға басқарма басшысының міндетін атқарушы, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша Аймақтық филиал директоры мен сала мамандары жауап берді. Жиынның қорытындысы негізінде тексеру комиссиясы тиісті қаулылар қабылдап, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау үшін тиісті ұсынымдар жолдайтын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары