Астана қаласында полиция қызметкерлері Тұран даңғылы бойында «Mitsubishi» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында 37 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, азаматтың орташа дәрежеде мас болғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция департаменті тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және мас күйінде көлік тізгіндемеуді ескертеді. Мұндай әрекеттер адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, заң алдында қатаң жауапкершілікке әкеледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







