Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігі: Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Елордада құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және полицияның халықпен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
    Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үй секторында кешенді тексеру жұмыстарын жүргізіп, проблемалық тұрғын үй нысандарын анықтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударуда.
    Іс-шара барысында 24 мыңнан астам проблемалық тұрғын үй нысаны тексеріліп, ішкі істер органдарында есепте тұрған 7 600-ден астам азаматтың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді. Сонымен қатар белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 350-ден астам адам ұсталды.
    Аталған жұмыстар ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елорда тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
    Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын қырағылық танытуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, тұрғын үй қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары