Ағымдағы жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасына және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде, жастар көп шоғырланатын жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Сонымен қатар ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарға қатысты заңнама талаптарының сақталуы тексерілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу ғана емес, олардың алдын алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың өмір сүруі мен дамуына қауіпсіз жағдай жасау. Профилактикалық жұмыстар жасөспірімдер қылмыстылығының, балалардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.
Елорда полициясы ата-аналар мен заңды өкілдерді бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, олардың араласатын ортасы мен бос уақытын қадағалауға, қайда жүргенінен хабардар болуға және мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде назар аударуға шақырады. Зорлық-зомбылық, буллинг және жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге тарту фактілерінің алдын алу үшін барша күш-жігерді біріктіру маңызды.
Естеріңізде болсын: балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Егер кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, балалардың қараусыз қалуы немесе олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де жағдайлар туралы ақпарат белгілі болса, бейжай қалмай, бұл туралы полицияға дер кезінде хабарлаңыздар.
Уақтылы жасалған хабарлама құқық бұзушылықтың алдын алуға және баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін.
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы: балалардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу
Ұқсас материалдар

Шот-фактураларды жазу ережелері жаңартылды
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі «Мұғалжар ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі
Әйтеке би ауданы әкімдігіАшу
Қоңыраудан көмекке дейін: Қазақстан ТЖМ 112 қызметі қалай жұмыс істейді
Жетісу облысы Алакөл ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
Арыс қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматыда ақын Кеңшілік Мырзабековті еске алу кеші өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Елорда полициясы көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру қағидаларының бұзылуы анықталуда
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада тыйым салынған заттарды сақтады және таратты деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада «Астана – есірткісіз қала!» жобасы аясында баскетбол турнирі өтті
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Жолдағы бақылау: Астанада мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу