Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте елордалық полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар арасында профилактикалық түсіндіру шараларын өткізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындаудың маңыздылығын түсіндіруде.
Түсіндіру жұмыстары барысында шетелдік азаматтарға елде болу тәртібі, көші-қон заңнамасының талаптары, тіркеу және тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібі жөнінде ақпарат беріледі. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын бұзбау және құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертіледі.
Жыл басынан бері елорда аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 5 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың ішінде шамамен 1 300 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылды.
Бұдан бөлек, шетелдік азаматтардың келгені туралы уақтылы хабарламау, сондай-ақ тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібін бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының 1 800-ден астам азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Елордалық полиция көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және белгіленген талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады.
Елорда полициясы көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуде
Ұқсас материалдар

Сеулде Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан Республикасының Кореядағы ЕлшілігіАшу
Мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасыАшу
Қазақстан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
МКК тоғыз айдың қорытындысын шығарып, трансформацияның басым бағыттарын айқындады
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу
Энергоминде отын-энергетика кешеніне арналған «Energy AI Kazakhstan» тұжырымдамасы таныстырылды
ҚР ЭМАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы: балалардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру қағидаларының бұзылуы анықталуда
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада тыйым салынған заттарды сақтады және таратты деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада «Астана – есірткісіз қала!» жобасы аясында баскетбол турнирі өтті
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Жолдағы бақылау: Астанада мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу