Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру қағидаларының бұзылуы анықталуда

    «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Астана қаласының полиция қызметкерлері абаттандыру қағидалары мен қала аумағын күтіп-ұстау талаптарының бұзылуын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
    Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде полицейлер құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жіберілген заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, құрылыс алаңы тиісті деңгейде қоршалмаған. Сонымен қатар құрылыс құмы мен топырақ жолдың жүру бөлігіне төгіліп, іргелес аумақтың талапқа сай күтіп-ұсталмағанын көрсетті.
    Аталған факті бойынша жауапты ЖШС өкілі қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды.
    Полиция құрылыс ұйымдары мен бизнес өкілдерін өздеріне бекітілген және іргелес аумақтарды күтіп-ұстауға жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және көшелердің ластануына жол бермеуге шақырады.
    «Таза Қазақстан» — тазалық пен тәртіп үшін ортақ жауапкершілік. Елордамыздың көркеюіне әр азамат өз үлесін қосып, белгіленген талаптарды сақтауы және айналасындағыларға құрметпен қарауы қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары