Елорда мектептерінің оқушылары алғашқы оқу кезеңінің аяқталуына байланысты күзгі демалысқа шығады. Демалыс ұзаққа созылмағанымен, бұл кезеңде кәмелетке толмағандардың бос уақыты көбейеді. Сондықтан балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен түрлі оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана полициясы ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың бос уақытын өткізуіне баса назар аударуға шақырады. Баланың қайда жүргенін, кіммен бірге уақыт өткізетінін, үйден шыққан соң қайда баратынын және қай уақытта оралатынын білу маңызды. Сондай-ақ балалармен көшеде, қоғамдық орындарда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін алдын ала талқылаған жөн.
Демалыс кезінде балалардың үйден тыс жерде уақытын қалай өткізетініне де назар аудару қажет. Кәмелетке толмағандардың қауіпті жерлерде, қараусыз қалған ғимараттарда және құрылыс нысандарында жүруіне жол бермеу керек. Сонымен қатар балаларға бөтеннің мүлкін бүлдіру, жанжалдарға қатысу, ұсақ бұзақылық жасау және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін түсіндіру маңызды.
Балалардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылау да назардан тыс қалмауы тиіс. Оларға интернетте бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың қауіптері түсіндіріліп, күмәнді онлайн-топтарға қосылудан және қауіпті челлендждерге қатысудан сақтандыру қажет.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу ең алдымен отбасынан басталады. Баламен сенімді қарым-қатынас орнату, оның қызығушылықтарына көңіл бөлу, араласатын ортасын білу және мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде назар аудару ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі. Балаларға тек шектеулер қойып қана қоймай, белгіленген ережелердің олардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың амандығы үшін қажет екенін түсіндіру маңызды.
Астана қаласының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ересектердің назары, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау және уақтылы жүргізілген профилактикалық жұмыстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Астана полициясы ата-аналарды күзгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады
Ұқсас материалдар

Адал қызмет пен қоғамдық сенім: Мойынқұмда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әлемдік ғылыми қауымдастықтағы орнын нығайтып келеді
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Президент «Мойынқұм» АЭС-інің құрылысын жеделдету мәселесін пысықтауды тапсырды
Мойынқұм ауданының әкімдігіАшу
Алматы тағы да әлемдік БАҚ назарында: Euronews қаланы халықаралық аудиторияға бірнеше тілде таныстырды
Алматы қаласының әкімдігіАшуБАРШАҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Бесқарағай ауданының әкімдігіАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Жолдағы бақылау: Астанада мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астаналық полицейлер оқушыларға діни ақпаратты дұрыс қабылдау және жалған ақпараттан сақтану жолдарын түсіндірді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада скутер жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
UWW Senior World Wrestling Championships: елордалық полиция күрес чемпионатында профилактикалық акция өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордалық Полиция департаментінде Республика күні аталып өтті: үздік қызметкерлер марапатталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу