Астанада алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару деректерін анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Мәселен, «Мас жүргізуші — қылмыскер!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ «Москвич» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Құжаттарды тексеру барысында полицейлер жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілерін байқаған. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.
Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды. Бұдан бөлек, ол осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік мамандандырылған коммуналдық тұраққа қойылды.
Сот шешімімен ер адам 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Астана қаласының Полиция департаменті алкогольдік масаң күйде көлік басқару, әсіресе жүргізуші куәлігінің болмауы және заң бұзушылықтың қайталануы жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертеді.
Алкоголь ішкеннен кейін көлік жүргізу және заң талаптарын елемеу орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін. Полиция азаматтарды спирттік ішімдіктерді тұтынғаннан кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Әрбір жүргізуші өз өмірі үшін ғана емес, айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
Елордада мас күйде көлік басқаратын жүргізушілерді анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Жолдағы бақылау: Астанада мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Ұқсас материалдар

БӘЙДІБЕК: ШАЯН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КІРЕБЕРІС КӨПІРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыАшу
«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыАшу
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Көкпекті ауданының әкімдігіАшу
БӘЙДІБЕК: ШЫБЫТ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА
Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыАшу
Кітапханашылар күні
Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Астана полициясы ата-аналарды күзгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астаналық полицейлер оқушыларға діни ақпаратты дұрыс қабылдау және жалған ақпараттан сақтану жолдарын түсіндірді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада скутер жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
UWW Senior World Wrestling Championships: елордалық полиция күрес чемпионатында профилактикалық акция өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордалық Полиция департаментінде Республика күні аталып өтті: үздік қызметкерлер марапатталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу