Астанада полиция қызметкерлері Кенесары көшесіндегі филармония ғимаратының кіреберісі маңындағы скверде жол қозғалысы ережелерін бұзған кәмелетке толмаған скутер жүргізушісін анықтады.
Оқиға орнына келген полицейлер құқық бұзушылық фактісін растады. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ скутерді басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші тоқтау туралы талапты елемей, бой тасалауға әрекеттенген.
Кенесары көшесімен қозғалысын жалғастырған ол Сарыарқа даңғылына бұрылған. Сарыарқа даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жүргізуші полиция қызметкерлерінің күшімен мәжбүрлі түрде тоқтатылып, ұсталды.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға басқаруға бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмаған жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Скутер коммуналдық мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қажетті тіркеу құжаттарының болуын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды ескертеді.
Елордада скутер жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзды
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен NVIDIA физикалық жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы ЕлшілігіАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуПайдаланушы абоненттерге хабарлау жылумен жабдықтау қызметтерімен!
Федоров ауданының әкімдігіАшу
«Тұлпар мініп, ту алған»: Қарағанды облысында әскерилер арасындағы пилоттық жоба сәтті аяқталды
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Астаналық полицейлер оқушыларға діни ақпаратты дұрыс қабылдау және жалған ақпараттан сақтану жолдарын түсіндірді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
UWW Senior World Wrestling Championships: елордалық полиция күрес чемпионатында профилактикалық акция өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордалық Полиция департаментінде Республика күні аталып өтті: үздік қызметкерлер марапатталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Өнерден жеңіске дейін: елордалық полицейлер оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Республика құрдасы: ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшысы
Астана қаласының Полиция департаментіАшу