Астана қаласының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген, кәсібилігімен, батылдығымен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленген полиция қызметкерлері марапатталды.
Іс-шара аясында Астана қаласы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Әбіл Әбілдин үздік қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарын, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілерін, Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамоталары мен грамоталарын, алғыс хаттар және қолсағаттар табыстады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның қолдауымен берілген пәтерлердің кілттері тапсырылып, бұл мерекенің ерекше сәттерінің біріне айналды.
Бұдан бөлек, белсенді азаматтық ұстанымы мен адам өмірін құтқару кезіндегі ерлігі үшін елорда тұрғыны Астана қаласы Полиция департаменті бастығының атынан бағалы сыйлықпен – қолсағатпен марапатталды. Ол қиын жағдайға тап болған жанға бейжай қарамай, көмек көрсетуге дайын екенін ісімен дәлелдеді.
Мерекелік шараның сәнін Отанға, халықтың бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық әндерден құралған концерттік бағдарлама аша түсті.
Республика күні – Қазақстанның егемендігін, халықтың бірлігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысын бейнелейтін маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Полиция қызметкерлері үшін бұл күн азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің тыныштығын қорғау жолындағы жауапкершілікті тағы бір мәрте еске салады.
Елордалық Полиция департаментінде Республика күні аталып өтті: үздік қызметкерлер марапатталды
Ұқсас материалдар
Қосшыда 62 мың тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру-құтқару кешені ашылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Шу ауданының әкімдігіАшу
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Омбы филиалының студенттері Республика күнін құттықтады
Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (РФ) Бас консулдығыАшу
Петропавл полицейлері Республика күнін жаңартылған қызметтік ғимараттарда қарсы алады
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Шетпеде үш шағын ауданды сумен қамтитын жаңа нысан іске қосылды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Өнерден жеңіске дейін: елордалық полицейлер оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Республика құрдасы: ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшысы
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
АСТАНА ТҰРҒЫНДАРЫ QR-КОД АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙ АЛАДЫ
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астанада пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу