Астанада пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде

    Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Астана қаласы бойынша ҚАЖД Сарыарқа ауданының пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде қайталама қылмыстарға жол бермеуге, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруге ерекше назар аударылды.
    Бұл бағыттағы жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар, азаматтардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Есепте тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделіп, толыққанды өмірге оралуына жағдай жасалуда. Атап айтқанда, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, волонтерлік қызметке және қоғамдық бастамаларға тарту шаралары жүзеге асырылуда.
    Мұндай кездесулер азаматтардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, әлеуметтік маңызы бар мақсаттарды айқындауға және құқық бұзушылықтарды қайталап жасау қаупін азайтуға көмектеседі.
    Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимылы арқылы жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары