Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    Елордада қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғын үй секторында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
    Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, хостелдер мен қонақүйлерді тексеруде. Құқық бұзушылықтарды анықтауға, профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жерін тексеруге, сондай-ақ азаматтарға заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіруге ерекше назар аударылады.
    Тексеру жұмыстарымен қатар, полиция профилактикалық ақпараттандырудың қосымша тәсілдерін де қолдануда. Атап айтқанда, дронның көмегімен қала тұрғындары мен қонақтарына аудиоақпарат тарату ұйымдастырылды. Азаматтарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындардағы мінез-құлық қағидаларын ұстану, сондай-ақ айналасындағылардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертіледі.
    Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдауға және күдік тудыратын жағдайлар туралы полицияға уақтылы хабарлауға шақырады.
    Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және елорда тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары