Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон спорты бойынша халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті. 12 жастағы Әлихан Нсанбаев MultiGP World Championship 2026 әлем чемпионатында бесінші орын иеленсе, дрон-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы USA Drone Soccer International Cup 2026 турнирінде үздік бестікке енді.
Даллас қаласында өткен әлем чемпионатына 44 елден 830 спортшы қатысып, олардың 69-ы іріктеу кезеңінен өтті. Іріктеу ұшуларының қорытындысы бойынша Әлихан Нсанбаев 12 финалистің қатарына еніп, бесінші орынға ие болды. Жас спортшы Орал қаласындағы Облыстық техникалық шығармашылық орталығында білім алады және «Aspan» командасының мүшесі. Оның жаттықтырушылары - Қайсар Есенғали мен Андрей Тишин.
Лонг-Бич қаласында өткен дрон-футболдан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы алты елден қатысқан 16 команданың арасында бесінші орын алды. Еліміздің намысын Орал және Атырау қалаларынан келген Наурызбек Есетов, Алдияр Бауыржан, Әлихан Нсанбаев және Альтаир Әбілғазиев қорғады.
Құраманы жарысқа Қайсар Есенғали, Нұрбол Қырықбаев, Дидар Сахратов және Александр Шимановский жаттықтырды.
Әлихан әлем чемпионатына жолдаманы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Aspandrone» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Dronly Ltd.» компаниясының қолдауымен ұйымдастырған Kazakhstan Drone Championship & Cup республикалық турнирінің қорытындысы бойынша жеңіп алды. Аталған серіктестердің қолдауымен дрон-футболдан ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға қатысуы да қамтамасыз етілді.
Қазақстанда дрон спорты бойынша жарыстар өңірлік, облыстық және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Бұл жарыстар дарынды оқушыларды анықтауға, олардың инженерлік ойлау қабілетін дамытуға, робототехника мен заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жас спортшыларды халықаралық чемпионаттарға дайындауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон спорты бойынша екі халықаралық жарыста үздік бестікке енді
1 / 7
Ұқсас материалдар

Мүгедектік мерзімін белгілеу кезінде не ескеріледі?
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІАшу
ТМД азаматтарының құқықтарына кепілдіктер туралы келісім шеңберіндегі ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру құқығы.
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
Қазақстан мен CNPC мұнай-газ саласындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР ЭМАшу
Бородулиха ауданында Достық үйі күрделі жөндеуден өтіп, аллея абаттандырылды
Абай облысының әкімдігіАшу
Қазақстан өңірлері мен Ганьсу өлкесі арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Оқу-ағарту министрі Астанада жаңа «TANYM ART» оқушылар сарайының ашылуына қатысты
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Түркияның Ұлттық білім министрінің орынбасарымен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Жұлдыз Сүлейменова Қытай Елшісімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу