Министерство осуществляет руководство в сферах образования, науки и защиты прав детей.
Министрлік туралы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жұмыс сапары аясында азаматтарды қабылдау Абай атындағы шығармашылық орталығы ғимаратында өтеді. (мекенжайы: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 58, 1-қабат, сағат 10:00).
2025 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова Ұлытау облысында азаматтарды жеке қабылдап, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізеді. Өтетін орны: Жезқазған қ., Аманат партиясының мәжіліс залы, Ғарышкерлер к., 39. Басталу уақыты: 17:00
Жұмыс сапары барысында Министр өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметімен танысып, Жамбыл ауданының мектептерін, Тараз қаласындағы Оқушылар сарайын, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен «Асыл Мирас» орталығын аралайды. Кездесулер барысында білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні енгізу, инклюзивті білім беруді дамыту, дарынды балаларды қолдау және педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қосымша ақпарат үшін министрліктің баспасөз қызметі: 74-17-84
Жұмыс сапары аясында Министр өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметімен танысып, педагогикалық ұжымдармен кездеседі, сондай-ақ Аягөз ауданында жаңа мектептің ашылуына қатысады. Қосымша ақпарат үшін баспасөз қызметінің байланыс нөмірі: 74-17-84
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай ұлттық мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымдық орнына конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай ұлттық мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) директоры лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекенжайы:050020, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, А. Асқарова көшесі,47 телефоны: 8 (727) 338-29-37. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:Инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекемеде қолайлы жағдайлар жасау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды оқушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім білім беруге қол жеткізу. Кәсіпорын қызметінің мақсаты: 1)арнайы білім негіздерін, оқушылардың қоғам өміріне әлеуметтік бейімделуін таныстыра отырып, жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеру негізінде 7-11 сынып оқушыларының жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру; 2)функционалдық сауатты, патриот, жауапты, көптілді, креативті және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, жетекші қазақстандық және халықаралық университеттерге түсуге және оқуға қабілетті оқушылардың қалыптасуына ықпал ететін білім беру ортасын құру; 3)дарынды, дарынды балаларды шығармашылық белсенділікке ынталандыру; 4)балаларды Қазақстан Республикасының ана тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға үйрету, оқушылардың өз бетінше ойлауын жетілдіру; 5)ұлттық сана-сезімін кеңейту мақсатында қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін үйрету; 6)әр баланың табиғи, жеке, интеллектуалдық қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін одан әрі дамыту; 7)отбасы, халық және мемлекет алдындағы тұлғалық құқықтары мен міндеттерін тануға, республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысатын азамат етіп тәрбиелеу; 8)кәсіби желілік қоғамдастық құру арқылы мұғалімдер мен басқа да педагог қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дамытуды қолдау; 9)әлемде халықаралық деңгейде танылған ғылыми және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту; 10) білім беру үдерісін ұйымдастыруда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен бейіндік пәндер арқылы жүзеге асыру; 11) оқыту технологияларының ойлау дербестігін, шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдістерін, түрлері мен тәсілдерін оңтайлы пайдалану; 12) негізгі және орта мектептерде кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру. Орташа лауазымдық жалақы: 286 939 теңге. Ескерту: Лауазымдық жалақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мөлшерден өзгеше болуы мүмкін. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар:бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл. Функционалды міндеттер: 1. Мектеп директорының міндеттері Қазақстан Республикасының кодексімен және мекеме жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 2.Мектеп директоры нормаланбаған күн тәртібінде, 41- сағаттық жұмыс аптасының негізінде жұмыс істейді. 3. Мектеп педагогикалық кеңесімен бірге мектептің болашақ бағдарламасын, мақсатын және даму бағытын анықтайды, оның бағдарламалық жоспары туралы шешім қабылдайды. 4. Мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын, қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін, жарғыны және мектептің ішкі тәртібі ережелерін және басқа оқулық – әдістемелік құжаттарды үйлестіреді, бекітеді және бақылайды. 5. Жоғары тұрған мекемелермен келісу арқылы мектептің құрылымдық бөлімшелерін, штаттық кестесін анықтайды және бекітеді. 6. Оқу-әдістемелік, әкімшілік, қаражаттық және басқа мектеп қызметінің барысындағы сұрақтарды шешеді. 7. Педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды. 8. Жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады. 9. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, кәсіпкерлік деңгейлерін жоғарлатуға жағдай жасайды. 10. Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы мөлшерлеріне үстемелер жәнеқосымша төлеулерді қосуды анықтайды. 11. Оқушылардың сабақ кестесін, жұмыс графиктерін және мектеп қызметкерлерініңпедагогикалық жүктемесін, тарификация тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады 1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған, еркін нысанда ресімделген, 3х4 өлшеміндегі фотосуреті бар кандидаттың қызметтік тізімі немесе еңбек кітапшасының нотариат куәландырған көшірмесі қоса берілген түйіндеме; 3) білім беру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келетін білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың нотариат куәландырған көшірмелері; 4)Конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген өзге де құжаттар, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін жарияланған бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қосымша конкурс кезеңдері қолданылған жағдайда, оларды өткізу үшін қажетті құжаттар. Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды: 1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болған жағдайда еңбек кітапшасын) қоса береді. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті (7) жұмыс күні өткен соң аяқталады Конкурсқа қатысу туралы құжаттар мен өтініштерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 2 қарашадан бастап 10 қарашаға дейін. Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қажетті құжаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік органға мына электрондық пошта мекенжайы арқылы ұсынады:[email protected]. Анықтама үшін: 8 (7172) 74-18-73
Жарияланды:
Ақпарат
Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша ақпарат
Жарияланды:
Есеп
2026 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп
Жарияланды:
Бұйрық
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандартын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 1274 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілгенОрта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарының 4.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білімберукомитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Ж. Шарабасов
Жарияланды:
Бұйрық
Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Жарияланды:
Ақпарат
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ш.Қ. Ақпарованың Қызылорда облысында 2026 жылғы 29 қыркүйектегі кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат