
Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы
ҚР Оқу-ағарту министрі
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тарих» факультеті бакалавриатын, «Философия және саясаттану» факультетінің магистратурасын және PhD докторантурасын тәмамдаған. Тарихшы-ұстаз, философия және саясаттану магистрі, мәдениеттану PhD докторы.



























