
Талғатұлы Мұрат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Мұрат Талғатұлы 1989 жылы Ұлытау облысында туған. Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.
2010-2011 жылдары «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жетекші маманы, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының жұмыспен қамту орталығында заңгер.
2011-2012 жылдары «Авто-Б.А.Н.» ЖШС заңгер
2012-2015 жылдары «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ заңгер, персоналды басқару қызметінің бас маманы
2015-2020 жылдары «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ консультант, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ бас маман.
2020-2021 жылдары «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бөлім басшысы.
2021-2023 жылдары жеке секторда жұмыс.
2023 жылдың шілде айынан 2024 жылғы сәуірге дейінҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментінің бас сарапшысы.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.